2014 жылы ғарышқа 243 жер серігі ұшырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың ішінде ғарышқа 243 ғарыш аппараты ұшырылып, орбитаға шығарылды, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 30-ға көп. Тағы 31 жер серігі зымыран-тасығыштардың апатқа ұшырауы салдарынан жойылып кетті, деп хабарлайды «Новости космонавтики».

Ғарышқа ең көп ғарыш аппараттарын Ресей ұшырған (87). Екінші орынды АҚШ (80), үшінші орынды Қытай (24) алады. Arianespace еуропалық консорциумы 2014 жылы 23 жерсерігін ұшырса, Жапония оның 18-ін, Үндістан - 9-ын ғарыш кеңістігіне аттандырған. Sea Launch консорциумы мен Израиль бір-бірден жер серіктерін ұшырған. Халықаралық ғарыш стансасы бортынан 46 жер серігі ұшырылған. Оның ішінде 45 аппарат ғарышқа Kibo жапондық модулінен, ал біреуі ресейлік ғарышкерлер ашық ғарыш кеңістігіне шыққанда қолдан ұшырылған.