АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда инфляция деңгейі қалыпты дәлізге түсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Сәуірде инфляция 0,6 пайызды құрады. Бірінші тоқсанда оның деңгейі 3,3 пайыз болды. Ал төрт айдың қорытындысы бойынша оның деңгейі 3,9 пайызды қамтыды», - деді ол.
Қ.Келімбетовтің сөзіне қарағанда, ақпандағы инфляция серпілісін есепке алмағанда, елімізде оның деңгейі қалыпты дәлізге түсіп отыр.
«Осы орайда 2014 жылы инфляция 6-8 пайыз дәлізінде болады деп жоспарлаудамыз», - деп түйді сөзін Ұлттық банк басшысы.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.