«Өндіру көлемін тап басып айту қиын, өйткені жөндеу жұмыстарына қанша уақыт берілетін және өндіру мөлшері қандай болатыны белгісіз. Бірақ бүгінде біз Қашағанда шамамен 2 миллион тонна мұнай өндіреміз деп күтіп отырмыз», - деп атап өтті ол.
Министрдің мәліметінше, 2013 жылы Қазақстан бойынша барлығы 81,7 млн. тонна мұнай өндірілген. «Бұл оның алдыңғы жылынан 3,2 пайызға көп. Ал 2014 жылға 83 млн. тонна болады деп жоспарлап отырмыз. Біздің ойымызша, Қашаған да биылғы жұмысқа қосылады деп отырмыз», - деді министр.