2014 жылы Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай экспорттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай экспорттады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Михаил Бортник мәлім етті.«Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жеткізеді. 2014 жылы экспортқа 62,5 млн. тонна мұнай жөнелтілді. Ірі сатып алушылар Еуропада», - деді ол.

Сенатордың алға тартқан деректеріне қарағанда, экспортқа шығарылған қазақ мұнайының 25 пайызы Италия, 13 пайызы Нидерланды, 9 пайызы Франция, 7 пайызы Австрияға жөнелтілген. Бұдан бөлек қытай елі де аталған мұнай көлемінің 17 пайызын алған.

Сонымен қатар ол өз сөзінде өткен жылы мол мұнай өндірген үш өңірді де ерекше атап өтті. «2014 жылыдң қорытындысында Атырау облысысы 32,2 млн., Маңғыстау облысы 18,5 млн., Батыс Қазақстан облысы 13,1 млн. тонна мұнай өндірді», - деді М.Бортник.