«Біздің республика арқылы бірнеше газ құбыры өтеді. Мемлекеттер арасындағы шартқа сәйкес газды тасымалдап, соны жеткіземіз. Өткен жылдың 12 айының ішінде 91,4 млрд. текше метр газ тасымалдадық», - деді ол.
Бірінші вице-министрдің атап өтуінше, оның ішінде Ресейдің 49,4 млрд., Түркіменстанның 38,4 млрд., Өзбекстанның 3,6 млрд. текше метр газы бар.
«Сонымен қатар былтырғы жылы 2,5 млн. текше метр сұйытылған газ шығарылды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 100,7 пайызға артық», - деді Ұ.Қарабалин.