«2014 жылы Қазақстанның көліктік дәліздері арқылы 18 млн. тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде теміржол арқылы - 16,1 млн. тонна, автомобиль - 1,5 млн. тонна, Ақтау теңіз порты арқылы - 100 мың тонна. Транзиттен түскен пайда - 1 млрд. АҚШ долларынан асады. Аталған мүмкіндіктерді ескере отырып, біз 2020 жылға қарай Шығыс пен Батыс арасындағы транзиттік жүк тасымалын екі есеге дейін арттыруды көздеп отырмыз. Қарқынды даму мен Қытайдың батыс және орталық провинцияларынан экспорттың артуы біздің мақсатымызға қол жеткізуге септігін тигізеді деп санаймыз», - деді А.Мамин.
17:57, 22 Мамыр 2015
2014 жылы Қазақстан транзиттік тасымалдаудан 1 млрд. доллардан астам пайда көрді - А.Мамин
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстан транзиттік тасымалдаудан 1 млрд. доллардан астам пайда көрді. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мәлім етті.