Бұл туралы бүгін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне арналған Үкімет отырысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, негізгі төрт бағыт бойынша, яғни жалға берілетін және несиелік баспана, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» АҚ желісі бойынша тұрғын үй аясында қойылған мақсат-міндеттерді орындау үшін 2014 жылы 129,9 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру қолдау тапты. Жалпы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 206,2 млрд. теңге қарастырылған.