Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары бағасы 8%, азық-түлік емес тауарларға - 7,8%, ақылы қызметтерге - 6,4%-ға өсті, Ағымдағы жылғы желтоқсанда инфляция 0,5% деңгейде қалыптасты.
пайызбен, өсуі
2014ж. желтоқсан
2014ж. қаңтар-желтоқсан 2013ж. қаңтар-желтоқсанға
2014ж. қарашаға
2013ж. желтоқсанға
2010ж. желтоқсанға
Тауарлар мен қызметтер
0,5
7,4
28
6,7
Азық-түлік тауарлары
1,1
8,0
28,3
6,6
Азық-түлік емес тауарлар
0,0
7,8
21,3
6,9
Ақылы қызметтер
0,3
6,4
34,8
6,7
Өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі жаңа жиналған көкөністерге 11,9%, қарақұмық жармаға - 10,5%, картопқа - 6,6%, жұмыртқаға - 2,9%, жүзімге - 2,7%, шикі сүтке - 2,6%, ұнтақ жармаға, мәйекті ірімшікке - 1,9%-дан, шошқа етіне - 1,6%, алмұртқа - 1,5%, сөкке - 1,4%, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нанға - 1,3%, балық және теңіз өнімдеріне - 1,1%, арпа жармаға, шұжық, ет өнімдеріне, сүзбеге, күнбағыс майына - 0,9%-дан, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,7%, сары майға - 0,6%, кеспеге, пастерленген сүтке - 0,5%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі лимонға 8,6%, тауықтың сирағына - 1,8%, тауыққа - 1,1%, қантқа - 0,6%-ға, қой етіне, бананға 0,5%-дан тіркелді. Баға өсімі қатты отынға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, фармацевтикалық өнімдерге, жеке пайдалануға арналған тауарларға 1,2%-дан, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 1,1%, киім және аяқ киімдерге - 1%, тұрмыстық аспаптарға - 0,5% құрады. Бағалар АИ-92 маркалы бензинге 10,2%, дизель отынына 4,7%-ға төмендеді. Шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтерінің бағалары 1,5%, ішкі қалалық қатынастардағы автобуспен жол жүру ақысы - 1%, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 0,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге - 0,5%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,3%, ал оны жалға беру - 0,7%-ға жоғарылады.