«Санитарлық авиация дәрігерлері акушерлік және гинекологиялық, нәрестелер және балалар патологиясы, қан айналымы жүйесі, хирургиялық, терапевтік аурулар, жарақаттанушылық, күйіп қалу және улану, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен жағдайларда медициналық көмек көрсетті», - делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде.
Атап айтқанда, 2014 жылы барлығы 2365 науқасқа медициналық қызмет, оның ішінде акушерлік-геникологиялық патологиямен - 428 әйелге, жаңа туылған нәрестелерге - 390, балалар жасындағы аурулармен - 538 балаға, жарақаттанушылық бойынша - 496 адамға (оның ішінде жол-көлік апатында зардап шеккендерге - 183), қан айналымы жүйесі ауруларымен 342 науқасқа көмек көрсетілді.