деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасында тау-кен өндірісі экономиканың басым салаларының бірі. Қазіргі таңда өнеркәсіптік өнімдердің 18 пайызын тау-кен өндірісі құрайды. Ал республика экспортында бұл саланың үлесі 20 пайыз», дейді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиев. Оның айтуынша, 2014 жылы тау-кен өндірісінің көлемі 32 миллиард доллар болады. Сондай-ақ алдағы 5 жылда бұл салаға 16 миллиард доллардан астам инвестия тартылмақ. Оның 85 пайызы жеке меншіктің инвестициясы болады.