«Болжамды бағалау бойынша өткен жылда жалпы ішкі өнім 4,3 пайызға өсті», - деп тоқталды комитет басшысы.
Сонымен қатар ол негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 6 трлн. 574 млрд. теңгені құрап, 3,9 пайызға (2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда) артқандығын жеткізді.
Үкімет пен ҚР Ұлттық банкі 2015 жылдағы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемеде Қазақстан ағымдағы жылы Жалпы ішкі өнімнің өсімін 4-5 пайыз деңгейіне жеткізуге ниетті екенін хабарлады.