ҚТТ құрамына кіретін «Қазақстан темір жолы» АҚ осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.
«Қазақстанның жүк вагон паркінің ірі операторына арналған стратегиялық құжат бірінші рет әзірленді», - дейді компания.
ҚТТ-ның 2012 жылғы сауда-саттық көлемі 98,5 млрд теңге болған.
Болжамды цифрлар теміржол бағыттарының барлық түрлері бойынша (ішкі, импорттық, экспорттық және транзиттік) компания қызметтерін пайдаланатын мақсатты топтарды ескере отырып жасалған.
«Қазтеміртранс» «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларын орналастыру жоспарланып отырған мемлекеттік компаниялар тізіміне кіреді. Компания 63 000 жүк вагондарына иелік етеді.