2014 жылы көктемгi егiн жұмыстарына 40 млрд. теңге бөлiнедi - «ҚазАгро» холдингi

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы көктемгi егiн егу жұмыстарына 40 млрд. теңге бөлiнедi. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде «ҚазАгро» холдингiнiң басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлiм еттi.

«2014 жылы 20 желтоқсан айы мерзiмiне дейiн көктемгi егiн егу жұмыстарына 40 млрд. теңге бөлiнедi», - дедi ол.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылық субъектiлерiне берiлетiн несиелер түрлерi өзгерiссiз қалды. Сонымен қатар «ҚазАгро» холдингi iшкi қаражаттарының есебiнен берiлетiн несиелердi тек еншiлес компаниялар арқылы ғана емес, сондай-ақ елдегi екiншi деңгейлi банктер арқылы да берудi жоспарлауда.