2014 жылы Қытай Қазақстаннан астық импортын арттырмақ
12:43, 23 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қытай Қазақстаннан астық импортын арттырмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ коммерциялық директоры - басқарушы директоры Нұрбек Дайырбеков мәлім етті.
«Биыл біз барлық бидайдың 14 пайызын Иранға экспорттауды жоспарлап отырмыз. Қытайға - 4 пайызға жуық. Бұл көрсеткіш айтарлықтай артып отыр, себебі орташа алғанда 2009-2013 маркетингтік жылдарда Қытай 1 пайыз көлемінде импорттады»,- деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің дәстүрлі нарықтары, яғни Ортаазиялық республикалардың нарықтары тұрақты және олар қазақстандық бидай мен ұнның импортына қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, осы бағытта олардың тұрақты үлесі 44-45 пайызды құрап отыр.