2014 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 12,6 мың жұмыскердің құқығын қорғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2014 жылы атқарған іс-шаралар нәтижесінде 12,6 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 1,5 млрд. теңге төленді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспас өз қызметі хабарлады.

Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 216 кәсіпорнында 13,7 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 1,6 млрд. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 154 ұйғарым беріліп, 13 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Атқарылған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша қатаң кестелер және қарызды өтеу мерзімін нақты белгілеу нәтижесінде 12,6 мың жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1,5 млрд. теңге төленді.

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 7232 тексеріс жүргізіп, 21 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, 287,4 млн. теңге сомаға айыппұл салды.