2014 жылы перзентханадан бала ұрлаған күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мәскеу облысында 2014 жылдың 17 маусым күні Дедовский қалалық ауруханасының балалар бөліміндегі бір айлық баланы ұрлаған күдікті ұсталды.

Бұл туралы өңірлік тергеу комитетінің бас тергеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бала медициналық тексеріске жіберілді. Сәбиді ұрлаған күдікті 40 жастағы Мәскеу маңының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда тергеушілер қылмыстың себебін анықтауда.