2014 жылы шенеуніктерге шетелден баспана алуға тыйым салынуы мүмкін

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Келер жылы Ресейде шенеуніктерге шетелден жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салатын заң қабылдануы мүмкін. Бұл туралы "Единая Россияның" депутаты Евгений Федоров айтты.

Депутаттар мұндай заң жобасын екі жыл бұрын талқылауға ұсын­ған. «Мемлекеттік Дума заңды бір жылдан артық уақыт бойы қара­ды. Меніңше, келер жылы біздің баста­мамыз мақұлданып, заң қабыл­да­нады. Көптеген мемлекет шетелдік мүлік арқылы Ресейдің шенеуніктері мен бизнесіне тіке­лей ықпал ету туралы заң қабыл­дай бастады. Бұл ықпал ресейліктердің мүддесіне қайшы», - дейді Е.Фе­доров. Сол себепті 2014 жылдан бастап, мемлекеттік қызметтегі лауа­зымды тұлғалардың шетелден жылжымайтын мүлік алуына тыйым салынуы мүмкін, деп жазады Utro.ru сайты.