Өткен жылы автономдық өлкеде 27 млн. тонна шикі мұнай мен 29,6 млрд. текше метр табиғи газ шығарылды. Тарим, Жоңғария және Туха кен орындарынан шығарылған көмірсутектердің жалпы көлемі солтүстік-шығыстағы Хэйлунцзян провинциясында орналасқан Қытайдың ірі кен орны - Дацинде (соңғы 27 жылдың ішінде жыл сайын 50 млн. тоннадан астам шикі мұнай) шығарылып отырған ресурстардың санына жетті.
Естеріңізге сала кетейік, ШҰАӨ-дегі көмірсутек шикізатының қоры шамамен 22,8 млрд. тонна мұнай мен 14 трлн. текше метр табиғи газға бағаланған.