«2014 жылы тауарлар экспорты бағалау бойынша алдағы кезеңге қарағанда 4,2 пайызға төмендейді. Бұл негізінен мұнай құнының болжанған бағасы төмен болуына байланысты болып отыр»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда 2015 жылдан бастап экспорт көлемі орташа алғанда 8,7 пайыз қарқынмен өседі. Бұған мұнай экспорты көлемінің артуының нәтижесі ықпал етпек.
Сонымен қатар ведомство басшысы экономикада тұтынушылық және инвестициялық сұраныс тауарлар импортының артуына әсер ететіндігін жеткізді. Болжам бойынша оның деңгейі 2014 жылдағы 58,6 млрд. АҚШ долларынан 2018 жылы 93 млрд.долларға дейін жетпек.