Бұл туралы бүгін Астанада өткен энергетикалық саланы дамыту перспективасына арналған кеңесте вице-премьер- индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, бұл индустрияландыру бағдарламасының мақсатты индикаторларының бірі. Оны жүзеге асыру үшін министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелері «Энергияны үнемдеу туралы» заңды қабылдауды тездетуі, энергияны үнемдейтін іс-шараларды әзірлеуге кірісуі, сондай-ақ электр энергиясының балансына жаңартылатын энергия көздерін тарту жөніндегі жоспарды әзірлеп, бекітуі тиіс. «Қазіргі заманда электр энергетикасын дамыту генерацияланатын және желілік активтерді қалпына келтірумен әрі дамытумен ғана емес, сонымен бірге ең алдымен энергияны тиімді пайдаланумен, энергияны үнемдеумен, экологиялық проблемаларды шешумен байланысты. Киото келісімін және басқа да бірқатар халықаралық экологиялық конвенцияларды ратификациялауға байланысты біз «парниктік әсерді» төмендету жөніндегі жұмысты жүргізуге міндеттіміз», деді Ә. Исекешев.