Қытайлық метеорологиялық басқарма баяндамасында көрсетілгендей, өткен жылғы орташа ауа температурасы 10,5 Цельсий градусты құрады. Бұл 1961 жылдан бергі орнатылған рекорд.
Құрлықтағы Қытайдың 31 өлкесінде ауа райы өткен жылғыдан жылырақ болды. Олардың онында, соның ішінде Бейжіңде температураның жаңа тарихи ең жоғары көрсеткіші тіркелді, деп хабарлады Синьхуа.