2015 жылы жылдың орташа температурасы Цельсия бойынша 14,79 градус болған. Бұл 2014 жылғыға қарағанда 0,16 градусқа жылы. Ал бұл көрсеткіш жалпы ХХ ғасырдағы орташа температурадан 1,62 градус жоғары.
01:30, 21 Қаңтар 2016
2015 жыл метеобақылау жүргізілген 136 жыл ішіндегі ең жылысы болды - сарапшылар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен 2015-інші жыл метеобақылау жүргізілген 136 жыл ішіндегі ең жылы жыл болды. Бұл туралы сәрсенбі күні Американың Мұхит және атмосфера мәселелері жөніндегі ұлттық басқармасы мәлімдеді, деп жазады ТАСС.