2015 жыл Мысырда туризм саласы 10 жыл бұрынғы ең төмен көрсеткішке құлдырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қараша мен желтоқсанда Мысырға баратын туристер саны соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткішке құлдырады, деп жазады Bloomberg.

2015 жылғы қараша мен желтоқсанда Мысырға миллионға жуық туристер барды, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 41 пайызға төмен. Bloomberg мұндай жағдай 2013 жылы мысырлық билік пен ислам атын жамылғандар арасында болған қарулы қақтығыс кезінде де болмағанын атап өтеді.
«Бұған Ресей ұшағының апаты әсер еткені сөзсіз», - деді Мысырдың туристік федерация мүшесі Амани Әл-Торгоман.
Мысырда туристік индустрия үшін ең сәтті 2010 жыл болды. Осы жылғы желтоқсан мен қарашада Мысырға 2,6 миллионнан астам адам қатынаған. Ал жыл ішінде Мысырға 15 миллиондай турист барған.