Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Көлiк және коммуникация министрi Жеңiс Қасымбек мәлiм еттi.
«Бүгін Үкiметте республикалық маңыздағы автожолдарға ақылы жүйенi енгiзу мәселесi қаралды. Келесi жылдан бастап, бiрiншi санат бойынша Шымкент пен Қызылорда және Астана-Атбасар екiншi категориясы бойынша ақылы жүйенi енгiзу қарастырылуда», - деп атап өттi ол.
Ведомствоның баспасөз қызметiнiң таратқан мәлiметтерi бойынша, Астана-Атбасар, РФ шекарасы-Алматы, Шымкент-Қызылорда және РФ шекарасы-Шымкент тасжолдары ақылы болады. Бұл жұмысты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзу көзделуде.
Жалпы 2022 жылға қарай ақылы жүйе республикалық маңызы бар жолдардың 7 мың шақырымына енгiзу межеленген. Олардың қатарында «Астана-Темiртау», «Алматы-Қапшағай» және Павлодар трассасы да бар.
Еске сала кетейiк, 2013 жылдан берi Астана-Щучье автобанында ақылы жүйе енгiзiлдi. Сарапшылардың сөзiне қарағанда, бұл қадам жолға кететiн шығынды жүз пайыз жабуға мүмкiндiк бередi.