2015 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда сайлаушылар тізімі 213 мың адамға көбейді - ҚР ОСК төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда сайлаушылар тізімі 213 мың адамға көбейді. Бұл туралы бүгін Өзбекстан ОСК төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломовпен кездескен ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов айтты.

«2015 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда сайлаушылар тізімі 213 мың адамға көбейді. Бұл айтарлықтай сан және ол сайлау жария етілгеннен бастап бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Тізімді нақтылау жұмыстары жалғасуда», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Сонымен қатар ол сайлау учаскесіне келгенімен, тізімнен өздерінің аты-жөндерін таба алмаған азаматтардың конституциялқ құқығын қамтамасыз етуге бағыттаған шаралардың атқарылғанын да атап өтті.

«Біз сайлау учаскелерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен тікелей желі ұйымдастырдық. Яғни, сайлау учаскелеріндегі ХҚКО-лармен телефон, электронды пошта арқылы байланысқа шығып, сол жерден тұрғылықты мекенжайы туралы анықтама алу арқылы сайлау бюллетеніне қосылуына болады», - деді ол.

ҚР ОСК төрағасы сонымен қатар су тасқынына байланысты қауіпсіз жерге көшірілген азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету үшін дауыс беру құқығын есептен шығару куәлігін беру және есепке алу қағидаларына өзгерту енгізілген атап өтті.