«14 нысанның құрылысын аяқтау (1664 үлескер) жұмыстары қалды. Яғни, біз бұл тұрғыда әрбір адамның аты-жөнін нақты білеміз және үйін алуға үмітті барлығы қамтылған. Осы мәселе ерекше бақылауда тұр. 2015 жылдың соңына дейін 9 нысанның құрылысы (1153 үлескер) аяқталмақ, сондай-ақ 2016 жылға 551 үлескерге тиесілі 5 нысан қалады», - деді министрдің орынбасары.
Осы орайда ол әлемдік қаржы дағдарыс кезінде 64 300 үлескердің пәтерлерін салу бойынша қиындықтар туындағанын еске салып өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үлестік құрылыс нысандарын тәмамдау үшін қажетті қаржы табылып, нәтижесінде 62 700 үлескердің проблемасы шешілді.