«Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан Республикасының әскери соттарымен 171 тұлға сотталды. Соның ішінде нақты бас бостандығынан айырылғандар саны 36 тұлғаны құрайды. Бұл ретте жазалау практикасының үлесі 21 пайызды құрайды», - деді басқосуда сот төрағасы Сәкен Абдуллаев.
Оның айтуынша, өткен кезеңде апелляциялық инстанциямен сот үкімдерінің күшін жою орын алған жоқ, ал алты іс бойынша алты тұлғаға үкім өзгертілген. Ал кассациялық инстанциямен бір үкім өзгертілсе, бірінші инстанцияның қараған он бір ісі бойынша үкімдер өзгертілді.