2015 жылдың екінші тоқсанында ЕО-дағы тұрғын үй бағасы 2,3%-ға өсті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың екінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда Еуропалық одақ аумағындағы тұрғын үй бағасы орташа алғанда 2,3%-ға өсті.

Бұл туралы «Евростат» ЕО статистикалық агенттігі таратқан зерттеуде жазылды.

«Тұрғын үй бағасының индексіне сәйкес, 2015 жылдың екінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда еуроаймақтағы тұрғын үй құны 1,1% және ЕО-да 2,3% өсті», - делінген «Евростат» хабарламасында.

Баспана бағасының өсуі бойынша көш басында Швеция (+13%), Венгрия (+11,9%), Ирландия (+10,7%) және Эстония (+10,5 %) тұр. Ал Латвия (-4,4%), Италия (-3,0%) және Францияда (-2,2%) тұрғын үй керісінше арзандаған.