Бұл ретте, ЖКО салдарынан қаза болған 148 адамның ішінде 18-і кәмелетке толмағандар, ал 1589 жарақат алғандардың арасында 256-сы кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер.
ЖКО-да ең көп қаза тапқандар саны Алматы (35 адам), Оңтүстік Қазақстан (23), Ақтөбе (15) облыстарында тіркелді. Елді мекендерде -934, халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда - 120, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда 63 жол-көлік оқиғалары орын алған. Ең қауіпті Алматы қаласының жолдары болып отыр, онда адамдардың опат болуына және жарақат алуына алып келген 372 ЖКО болды, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан - 157, Алматы-132, Шығыс Қазақстан облыстарында 127 ЖКО болған.
Аталған оқиғаларға 1771 көлік құралдары қатысқан, оның ішінде 1618-і жеңіл автокөліктер, 89-ы автобустар, 52-сі жүк көліктері. Осы көліктердің жалпы санының 77-сі оң рөлді автомобильдер.
Статистика көрсетіп отырғандай, жол апаттарының себептері өзгеріссіз күйінде қалып отыр. Бұрынғысынша ЖКО көбінесе Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алуда. Мәселен, жүргізушілердің кінәсінен 1135 жол апаты болған.
Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО саны 12,6 пайызға, ондағы қаза болған адамдардың саны 7 пайызға төмендегенін атап өткен жөн.