Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қытайда жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе салынуы жоспарланған 52 атом энергоблогы бар. Олар сегіз провинциядағы 13 электр стансаларына орналастырылды. Солардың ішінде қуаттылығы 21,4 млн кВт құрайтын 23 энергоблок жұмыс істеп тұр.
2020 жылға қарай Қытайдағы атом энергетикасын дамыту бағдарламасына сәйкес елдегі жұмыс істеп тұрған атом энергиялық блоктарының қуаттылығы 58 млн кВт-қа жетеді, салынып жатқан энергия блоктардың қуаттылығы 30 млн кВт-тан асып түседі. "2020 жылға дейін елде қуаттылығы кем дегенде 35 млн кВт құрайтын атом энергия блоктары қолданысқа берілуі тиіс. Жалпы алғанда жылына 5-6 энергоблок салынуы керек", - деді Сюй Юймин. Оның болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай Қытайда электр энергиясын пайдаланудың жалпы көлемі бүгінгі көрсеткіштен екі есеге дейін артады.