2015 жылға дейін әрбір қазақстандықтың үйінде Интернет болады - «Қазақтелеком» компаниясы

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - 2015 жылға дейін әрбір қазақстандықтың үйінде Интернет желісі болады.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген «Қазақтелеком» компаниясының бас техникалық директоры Александр Лезговко мәлім етті.

Оның хабарлауынша, бүгінде арнайы жоба аясында барлық қала тұрғындарын Интернет желісімен қамту көзделіп отыр. Ауыл халқына қызметтің бұл түрі CDMA желісі, яғни радиобайланыс арқылы жететін болады.

«2015 жылға дейін әрбір қазақстандықтың үйінде Ғаламтор болады деген жоспар бар. Бүгінде тариф 2-4 мың теңгені құрап отыр Әрине, біз оның сапалы көрсеткіштерін көтеретін боламыз. Трафикті көбейтеміз. Меніңше, ауыл тұрғындары үшін абонеттік төлемді түсіруге де болады»,-дейді А.Лезговко.