Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу барысында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмаларына сәйкес, Байланыс және ақпарат министрлігі бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың маңызды бір тармағы еліміздің телекоммуникация саласын дамытуға қатысты болып табылады. «Бұл саланың діттеген басты мақсаты - 2015 жылға дейін еліміздің барлық өңірлеріне, шалғайдағы ауылдарына, соның ішінде әрбір отбасына телефон байланысы мен сапалы интернет қызметін ұсыну болып табылады. Бұл ретте байланыс саласында 2015 жылға дейін бірқатар индикаторлар көзделіп отыр. Атап айтқанда, телефон байланысындағы сандық деңгейді 100 пайызға қамту, оның ішінде телефон байланысына қатысты тығыздықты 27 пайызға жеткізу көзделеді», - деді Байланыс және ақпарат министрі А. Жұмағалиев. Министрдің айтуынша, аталған мерзім ішінде елімізде кеңжолақты интернетті пайдаланушы абоненттердің тығыздығы 22 пайызға жетсе, ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 135 пайызды құрайтын болады.