2015 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» шикі мұнайды Солтүстік Америкаға және Қытайға сата бастауды жоспарлап отыр

None
АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2015 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» шикі мұнайды Солтүстік Америкаға және Қытайға сата бастауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ-ның бас директоры Данияр Берлібаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Солтүстік Америка және Қытай нарықтарында шикі мұнай сату мақсатын қойып отырмыз. Яғни, осы нарықтарға шықпақпыз. Бұл айтарлықтай ауқымды міндет болып табылады. Алайда біз оны 2015 жылға дейін белгілеп отырмыз», деді бас директор.

Осы орайда ол компанияның өзіндік көліктік бөлімшелері құрылып жатқандығын жеткізді.