АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2015 жылға дейін операторлар арасындағы ұялы байланыс тарифі жыл сайын 10 пайызға төмендеп отырады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Бұл қызмет түрі реттелмейтінін ескере отырып, біз ұялы байланыс операторларымен алдағы төрт жылда аталған тарифтерді 40 пайызға төмендетуді қарастырдық. 2011 жылы тарифті төмендету шамамен 20 пайыз болды. Алдағы жылдары 10 пайыздан төмендетіліп отырады»,-деп атап өтті министр.
А. Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда, министрлік пен ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі өзара кеңесе отырып аталған қызмет түрін реттелетін қызметке жатқызу түсінігін айқындады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.