2015 жылға қарай әлемде «балалар ВИЧ инфекциясымен туылмауы керек» - халықаралық қор

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - СПИД-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі дүниежүзілік қор, 2015 жылға қарай ВИЧ-инфекциясының үш жолының бірін - жүкті анадан нәрестеге берілу жолын түп-тамырымен жоймақ ниетте,

деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Қор жария еткен баяндамада, денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыру көрсеткіші қазіргі деңгейге сақталып, ал саладағы ғылыми зерттеулер қазіргі қарқынмен жалғасын тапса, осынау мақсатқа қол жеткізуге болатыны айтылған. Оған қоса құжатта, алдағы онжылдықта безгек ошақтарын да жеңуге болатыны хабарланып отыр.

«Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышымен (ВИЧ) бірде-бір бала туылмайтын кезең 2015 жылы тууы мүмкін», дейді қор басшысы Мишель Казачкин.

Баяндама авторлары, 2009 жылы қордың жұмысы күн сайын ең аз дегенде 3600 адамның өмірін сақтауға қөмектескеніне сенімді. Ал жұмыс істеген 7 жылда қордың көмегімен 5 миллионға жуық адамның өмірі сақталып қалған.