Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.
Оның хабарлауынша, қазіргі кезде құжаттарды әзірлеу жұмыстары атқарылады. «Қаржысы бөлінеді. Келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастап, 2015 жылға қарай оны толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Ол жерде мәдени-әлеуметтік орындар - дүкендер, емханалар, балабақшалар және тағы басқа нысандар салынады», - дейді Е.Сыдықов.