Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов айтты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Қазір біз оған көшу бойынша іс-шаралар жоспарын жасап жатырмыз. 2 жылдан соң бұл технологияны кезең-кезеңмен енгізуді жоспарладық. Неге көптеген адамдар бір оператордан екіншісіне ауысқысы келмейді? Өйткені, өздері үйренген нөмірді ауыстыру қажет болады. Ал, MNP бір оператордан екіншісіне нөмірді, сонымен қатар 701, 777 және басқа да префикстерді сақтай отырып ауысуға мүмкіндік береді. 2015 жылға қарай бұл технологияны бүкіл Қазақстан бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді С.Сәрсенов.
Вице-министрдің айтуынша, MNP қанатқақты режимде алдымен Астанада 2014 жылдың ортасында енгізіледі.
MNP технологиясы немесе нөмірлердің «ауысуы» операторлар арасында бәсекелестікке жағдай жасайды. «Ірі операторлар өз клиенттерінен айрылғысы келмей, өз тарифтері жайлы ойланатын болады», - деп толықтырды ККМ басшысының орынбасары.