Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Министрдің айтуынша, еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханалармен қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Студенттік тұрғын үй» бағдарламасы әзірленген. «Бағдарламаны жүзеге асыру 2015 жылға қарай жатақханамен қамтамсыз етуді 80 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Алдын ала есептеулер бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 35 жаңа жатақхананың құрылысы және қолданыстағы 50 жатақхананың күрделі құрылысы қарастырылып отыр. Жобалардың болжамды құны 35 млрд. теңгеден асады», - деді Б. Жұмағұлов.