деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұнымен қоса, 2015 жылға қарай республика аумағындағы теміржол көлігімен жүктің транзиттік тасымалы 25 пайызға артады деп болжанып отыр», деді вице-министр. Оның айтуынша, Еуразия көлік дәлізі бойынша ықпалдастық теміржол саласында да жүзеге асуда. Мәселен, Каспий маңы мемлекеттерінің екінші саммитінде жаңа теміржол құрылысын салу туралы келісімге қол жеткізілген. Бұл жоба құрылысы Өзен-Қорған бағыты бойынша оңтүстіктен Иранның Каспий маңы аудандарына қарай бағытталады, ал солтүстігінде Ресей теміржолдар желісімен түйіседі. Бұның өзі Еуропа-Каспий маңы-Парсы шығанағы дәлізін қалыптастыратын болады. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен оның көршілерінің ғана емес, Еуропалық елдердің де мүддесінен шығып отыр.
«Былтыр Жетіген-Қорғас бағытындағы жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Бұл желі Қытай мен Қазақстанның арасындағы екінші шекаралық теміржол өткелін ашуға мүмкіндік береді әрі Қытайдан Орталық Азияға, Иран мен Батыс Еуропаға, Кавказ республикаларына қарай жүктерді тасымалдаудың ең қысқа жолын қалыптастырады. Бұл жол пайдалануға берілгеннен кейінгі алғашқы жылдың өзінде ондағы тасымал жылына 5 млн. тонна жүкті құрайды деп күтіліп отыр. Сонымен бірге, осы жаңа теміржол арқасында Қытайдан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне, Орталық Азия мемлекеттеріне дейінгі жол 550 шақырымға дейін қысқарады», деді Д. Көтербеков.