Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика коитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
2015 жылдың 1-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Атырау облысы және Алматы мен Астана қалаларында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,0-1,8 есеге асқандығы байқалды. Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 28-40% төмен. 2015 жылдың 1-тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады (2014 жылғы 1 тоқсанда - 3,8 есе).