2015 жылғы Жазғы Универсиаданың алғашқы чемпионы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық суға секіруші Шуансюе Чжэн оңтүстіккореялық Кванджу қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада-2015-тің алғашқы чемпионы атанды.

1 метр биіктіктегі трамплиннен суға секірген ол 286,20 ұпайға ие болды. Оңтүстік Корея спортшысы Нами Ким 2-ші орын иеленді (274,95).

Үздік үштікті тағы бір қытайлық Мэньгчэнь Сунь (272,85) тұйықтады, деп хабарлады ТАСС.