Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазақстандық әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдаудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы шаралардың арқасында әскери қызметшілер мен олардың отбасының өмір сүру деңгейі артып келеді. 2009-2014 жылдар кезеңінде Қазақстанның түрлі қалалары мен өңірлерінде 6 336 пәтер (оның ішінде 63 жалдамалы) және 273 пәтерлік 201 коттедж пайдалануға берілді.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, 10 жыл өтілі бар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшіге 2013 жылғы 1 қаңтардағы келісімшарт бойынша қызметтік тұрғын үй беру көзделген, ол болмаған жағдайда тұрғын үймен қамтамасыз етілгенше, оның пәтер жалдап тұруына өтемақы төленеді.