«Бүгінде әрбір оныншы сотталушының ешқандай білімі жоқ. Ал он адамның үшеуінде мамандық жоқ. Арнайы мамандықтары барлары жұмысқа орналаса алмайды. Қазіргі кезде жазасын өтеушілердің 41%-ы екі немесе үш рет сотталғандар. Шындығында, пенитенциарлық жүйе "айналмалы есік" приципі бойынша жұмыс істеуде», - деп атап өтті Ж.Асанов.
Оның мәліметінше, олардың кейбірі қалтасында ақшасы болмағандықтан үйреншікті жолына түсуі әбден мүмкін.