«ҚР-ның «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан азаматтарын шетелдік клиникаларда емдеуге арналған қаржылық шығындар қазір қаралып жатқан 2015 жылдың Республикалық бюджеті жобасында қарастырылған. Жоспарбойынша министрлік 65 азаматты шетел клиникаларында, ал 30 азаматты отандық клиникаларда емдеуге квота бөлуді болжап отыр»,- делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан азаматтары негізінен Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусьжәне Германия елдеріне барып емделеді. Шетелге емделуге баратындардың көбі қанның онкологиялық ауруларына (туыс емес донорданжілік майын ауыстыру) шалдыққандар, мальформацияға және мидың қатерлі ісігіне душар болғандар, сонымен қатар басқа да ағзалардыңтрансплотациясына (бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе) зәру науқастар. «Аурулардың шетелде емделуінің мониторингі көрсеткендей, ең қымбат ем қабылдаулардың құны200 000-250 000 доллар аралығын құраған», - деп атап өтті министрліктегілер.
19:08, 31 Қазан 2014
2015 жылы 65 қазақстандық квота бойынша шетелге емделуге жіберіледі - Денсаулық министрлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы 65 қазақстандықты квота бойынша шетелге емделуге жіберу жоспарлануда.Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастырудепартаментінен хабарлады.