ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, аталған арнайы экономикалық аймақтық инфрақұрылым тек 2009 жылы ғана салына бастаған. Аумағы 200 гектарды құрайтын алғашқы алаң 2012 жылы тапсырылды. Бұл мақсатқа 7 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылы жалпы сомасы 13,4 млрд. теңгені құрайтын тағы 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. 2-3 жылдың ішінде алғашқы алаң инвесторларға лық толатын болады деп күтілуде. Жақында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі таңда Ақтау теңіз портында жұмыс істеп тұрған 5 инвестор 9,5 млрд. теңге салық төлеуі тиіс екендігін және жыл соңына дейін шамамен 5 млрд. теңге сомаға тағы 5 жобаны іске қосу жоспарланып отырғандығын атап өтті.
17:28, 03 Қараша 2014
2015 жылы «Ақтау теңіз айлағы» АЭА-да 9 жобаны іске қосу жоспарлануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады.