Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы кеңейтілген отырысы кезінде айтты.
«2015 жылы алдымызда маңызды іс-шараларды өткізу міндеті тұр. Олар: Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы», - деді Г. Әбдіқалықова.