2015 жылы алдымызда маңызды іс-шараларды өткізу міндеті тұр - Г.Әбдіқалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы алдымызда маңызды іс-шараларды өткізу міндеті тұр.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы кеңейтілген отырысы кезінде айтты.

«2015 жылы алдымызда маңызды іс-шараларды өткізу міндеті тұр. Олар: Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы. Ұлттың ұқсастығын бекемдеу, қазақстандық халықтың жалпы және терең тамырын көрсету 2015 жылғы Қазақ хандығының 550 жылдығына қызмет етеді", - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы барлық іс-шаралардың кешенді әдістемелік, ұйымдастырушылық, идеологиялық, сондай-ақ ақпараттық бірігуін қамтамасыз ету мақсатында, Ассамблея Жылын өткізудің Тұжырымдамасы қабылданғанын айтып өтті.