2015 жылы әлемдегі әйел депутаттардың үлесі 22,6 пайызға жетті - БҰҰ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық қауымдастық парламенттердегі гендерлік теңдік жолында алға жылжуда, бірақ қарқыны бәсең. 2015 жылы әйелдер жоғары заң шығарушы органдарда 22,6 пайызы орынды иеленген. Осы көрсеткіш жыл бұрынғымен салыстырғанда жарты пайызға артты. Бұл дерек Парламентаралық одақтің есебінде жарияланды.

Таяуда Парламентаралық одақ 2015 жылы парламенттердегі әйелдер статистикасына қатысты есебін жария етті. Ол Халықаралық әйелдер күні мен 14 наурызда Нью-Йоркте БҰҰ штаб пәтерінде ашылатын БҰҰ-ның әйелдердің жай-күйі жөніндегі комиссиясы сессиясының ашылуына орайластырылды.

«Бұл парламентаризм тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Алайда 2015 жылы өсім қарқынының баялауы, әйел депутаттардың саны 1,5 пайызға артқан 2013 жылғымен салыстырғанда кейінге кетіп бара жатқандығын көрсетеді» , - делінген Парламентаралық одақтың есебінде.
Былтыр Мексика, Финляндия, Испанияда өткен парламент сайлауларында әйелдер 40 пайыз депутаттар орнын иеленген. Бұл көрсеткіш Қырғызстан мен Тәжікстанда - 19 пайыз шамасында, Әзербайжанда - 16 пайыздан сәл жоғары болса, Гайти мен Микронезияда бірде бір әйел депутат сайлана алмапты.
Сарапшылар квота белгілеу секілді уақытша шаралар биліктің жоғары эшалонындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде жетістіктерге жол ашады деп санайды.

Жалпы алғанда әлем халқының 51 пайызы әйелдер болса да, билік органдарында олардың үлесі аз. Соңғы 10 жылда парламентарий қыз-келншектер саны 6,4%-ға артқан.
Еске сала кетсек, Парламентаралық одақ 1889 жылы құрылған. Оның мақсаты - әлем парламенттерінің мүшедері арасындағы жеке байланыстарды ынталандыру және әлемдегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен қызметке оларды ұйыстыру.