«2015 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) несие қоржынындағы Холдингтің үлесі 43 пайызды құрады, осы ретте 49 мың қарыз алушы Холдингтің клиенттері болып табылады. Холдингпен аграрлық секторды несиелеудің жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 88 пайызды қамтыды. Әрбір 5 бірлік ауылшаруашылық техникасының 4-еуі (нарықтағы үлесі 78%), және әр 10 шағын несиенің 9-ы (нарықтағы үлесі 94%) ҚазАгроның құрылымдары арқылы ресімделеді. Қазақстандағы бидайдың әрбір екінші тоннасы 2015 жылы Холдингтің қаржылық қаражатын пайдалану еесбінен өсірілді», - дейді «ҚазАгро» өкілдері.
Атап айтқанда, Холдинг компаниясы тобымен жүзеге асырылатын бағдарламалардың есебінен 29 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды және жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жоғарыда атап өтілген құралдардан басқа, Холдинг шағын және орташа агроқұрылымдарға аймақтық астық кооперативтеріне бірігуді және екінші деңгейлі банктер арқылы Азық-түлік корпорациясының астықты кепілдікпен сатып алу шартымен несие қаражаттарын алуды ұсынады. Бұл Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында кооперативтердің рөлін күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Холдинг іске асыратын жаңа өнім.
2015 жылы Холдингтің қолдауымен Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 3 бірлестік құрылды, оның құрамына 108 қатысушы кіреді, оларды қаржыландыру сомасы 2,6 млрд. теңгені құрады, 220 мың гектардан астам алаң қамтылды. Жылдың қорытындысы бойынша қаржыландырылған егістік алаңынан 203 мың тонна астық жиналды.
«ҚазАгро» осындай кооперативтерді басқа өңірлерде де құру бойынша жұмысын жалғастырады. Қазіргі уақытта негізгі астық егумен айналысатын өңірлердің (СҚО, ШҚО, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстары), ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесулер өткізілді, онда 2016 жылғы көктемгі-егіс және астық жинау жұмыстарын қаржыландыру механизмдері түсіндірілді және аймақтарда кооперативтер құрудың келешегі сөз болды. Кезекте Қарағанды облыстары тұр.