«Бүгінде Сол жағалауда әкімшілік-іскерлік орталықта 344 нысан салынды. Қазіргі кезде 76 нысанның құрылысы жүріп жатыр, оның 59-ы тұрғын үй және жетеуі әлеуметтік-мәдени мақсаттағы ғимараттар. Жалпы 76 жоба сомасы 1,2 трлн. теңгені құрап отыр, оның ішінде 2015 жылы 514 млрд. теңгесі игерілді»,-дедә І. Жанғаскин.
Сонымен қатар нөмір бірінші индустриялық парк аумағында бүгінде 181 млрд. теңге инвестиция сомасындағы 62 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «Оның ішінде 27-сі тапсырылды, 18-інде құрылыс жұмыстары жүруде, ал 12-сі жобалау кезеңінде, сондай-ақ бесеуі бойынша рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу атқарылып жатыр»,-деп нақтылап өтті ол.
І. Жанғаскиннің сөзіне қарағанда, Индустриялық парк аумағы 95 пайызға толтырылды.
«2015 жылы осында 150 млрд. теңгеге жуық инвестиция игерілді. Осы жылдары өнім экспорты 15,5 млрд. теңгені құрады. Жалпы 2735 жұмыс орындары құрылды. 2015 жылы Индустриялық парк аумағында 22,7 млрд. теңгенің алты жоба жүзеге асырылды. Осы 6 жобаның үшеуі жыл соңында Мемлекет басшысының қатысуымен ашылды»,-деп түйді ол.